Буллинг пен кибербуллинг: заң не дейді?

«Ата-аналар академиясы» жобасы аясында балалар мен жасөспірімдер арасындағы буллинг пен кибербуллингтің құқықтық аспектілеріне арналған тікелей эфир өтті.

Эфир барысында ата-аналарға Қазақстан Республикасының заңнамасы балаларды қорлаудан және қудалаудан қалай қорғайтыны, мұндай әрекеттер үшін қандай жауапкершілік қарастырылғаны және бала құқықтары бұзылған жағдайда қайда жүгіну керектігі түсіндірілді.

Ата-аналарға нақты құқықтық нұсқаулықтар берілді: буллинг пен кибербуллинг фактілерін қалай тіркеу, қандай шаралар қабылдау және баланың құқықтары мен мүдделерін заң аясында қалай қорғау керектігі айтылды.

Эфирдің басты мақсаты — ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру және балалардың қауіпсіздігі мен психологиялық әл-ауқатына қауіп төндіретін жағдайларда дұрыс әрекет етуге көмектесу.

Пікір қалдыру