Балалардың құқықтары: ата-ана не білуі керек?
«Ата-аналар академиясы» жобасы аясында Жамбыл облысына арналған «Балалардың құқықтары: ата-ана не білуі керек?» тақырыбында Zoom-эфир өтті. Эфир қонағы заңгер Жұлдызай Шакаримова болды. Эфир барысында көптеген ата-аналарды алаңдататын маңызды құқықтық мәселелер талқыланды: баланың жауапкершілікке тартылу жасы, ата-аналардың құқықтары мен міндеттері, қорғаншылық органдарының араласу жағдайлары, алимент мәселелері, ажырасқаннан кейін баламен қарым-қатынас жасау тәртібі және өзге де өзекті тақырыптар. Қатысушылар маманнан білікті түсіндірмелер алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

