«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттарын қаржыландыру көлемі 2026 жылға айқындалды

 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 3 сәуірдегі бұйрығымен 2026 жылға арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттарының мөлшері мен саны бекітілді. Ағымдағы жылы бір гранттың мөлшері үш миллион теңге болып белгіленді. Гранттардың жалпы саны 30 бірлік деңгейінде сақталды.

 Құжат оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді. Мемлекет басшысының бастамасымен 2021 жылы тағайындалған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты талантты жастарды қолдауға бағытталған. Бағдарлама ғылым, мәдениет, ақпараттық технологиялар, медиа және бизнес сияқты бағыттарды қамтиды.  Жыл сайын бастама шеңберінде жастар жобаларын дамытуға және перспективалық бастамаларды қолдауға бағытталған 30 грант беріледі.

Пікір қалдыру