Қазақстанда қазақы тазы мен төбет күні пайда болады
Қазақстанда жаңа мерекелік күн – Қазақы тазы мен төбет күні бекітілді. ҚР Үкіметінің ағымдағы жылғы 15 сәуірдегі тиісті қаулысы бұрын қолданыста болған мерекелік күндер тізбесіне толықтыру енгізеді.
Құжатқа сәйкес, мерекелер тізімі жаңа тармақпен толықтырылады: 3 қыркүйек – Қазақы тазы мен төбет күні.
Қаулы 2017 жылғы 31 қазандағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» құжатқа өзгерістер енгізеді және 2026 жылғы 28 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

