Турар Шәкен: бала тәрбиесі — ата-ананың айнасы
«Ата-аналар академиясы» жобасы аясында тарихшы, этнология магистрі, ұлттық құндылықтарды зерттеуші, қазақ мәдениетін насихаттаушы, «Қара шаңырақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің директоры Шәкен Турар Саттарқызымен подкаст өтті.
Әңгіме барысында ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі, өз мәдениетін, салт-дәстүрін және үлкендерді құрметтеудің маңыздылығы сөз болды. Спикер мәдениет пен құндылықтар бір реттік әңгімемен емес, ересектердің күнделікті үлгісі, отбасындағы атмосфера және айналаға деген қарым-қатынас арқылы қалыптасатынын атап өтті.
Сондай-ақ қазіргі жас буын тақырыбына ерекше назар аударылды: жастарды сынаудың орнына, балалардың саналы, тәрбиелі және өз тамырын құрметтейтін азамат болып өсуіне көмектесу маңызды екені айтылды. Себебі бала ең алғаш адамгершілікті, құрметті және халқына деген сүйіспеншілікті отбасында үйренеді.

