Баланың өзін қорғау дағдылары
«Ата-аналар академиясы» жобасы аясында Атырау облысының ата-аналарына арналған каратэ жаттықтырушысы Ералы Умаровпен онлайн эфир өтті.
Кездесу барысында балалардың жеке шекарасын қорғау, өз ойын сенімді жеткізу, қажет жағдайда «жоқ» деп айта білу және өзін-өзі қорғау дағдыларын қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Спикер ата-аналарға баланы қорқынышқа емес, сенімділікке тәрбиелеудің маңызын түсіндіріп, күнделікті өмірде қолдануға болатын практикалық кеңестермен бөлісті. Сондай-ақ балалардың қауіпсіз мінез-құлқын дамытуда отбасының рөлі мен қолдауының маңыздылығы ерекше атап өтілді.

