Астана қаласында ер азаматтарды гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алуға тартуға арналған көшпелі мектеп өз жұмысын аяқтады
Астана қаласында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген азаматтық қоғам ұйымдарының өкілдерін, белсенділерді, педагогтерді, журналистерді және басқа да мамандарды біріктірген «ӨЗГЕРІСТЕР ЗЕРТХАНАСЫ: ЕР АЗАМАТТАРДЫ ГЕНДЕРЛІК ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ТАРТУ ЖӘНЕ ЗИЯНДЫ ӘЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАРДЫ ӨЗГЕРТУ» атты үш күндік көшпелі мектеп өз жұмысын аяқтады.
Мектептің негізгі мақсаты – азаматтық қоғам ұйымдарының ер азаматтарды гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алуға тарту және зиянды әлеуметтік нормаларды өзгерту тәсілдерін өз қызметіне дербес енгізу әлеуетін арттыру.
Үш күн бойы қатысушылар халықаралық және ұлттық тәжірибелерді зерделеп, өмірлік циклдің әртүрлі кезеңдерінде ер азаматтарды тарту мәселелерін талқылады, әлеуметтік нормалардың қалыптасу тетіктерін талдады және әртүрлі нысаналы аудиториялармен жұмыс істеудің практикалық құралдарын меңгерді. Оқу қорытындысы бойынша Қазақстан өңірлерінде іске асырылатын қолданбалы бастамалар әзірленді.
Көшпелі мектеп Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен, Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықтың қоныстануы саласындағы қорының (ЮНФПА) техникалық қолдауымен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпараттық қолдауымен, сондай-ақ Senim Qogamy қоғамдық қорының қолдауымен ұйымдастырылды.
*Бұл жарияланым Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен әзірленді. Оның мазмұны әзірлеушілердің айрықша жауапкершілігі болып табылады және Еуропалық Одақ пен ЮНФПА-ның көзқарасын міндетті түрде білдірмейді.

