Баланы сенімді түрде «ЖОҚ» деп айтуға және жеке шекарасын қорғауға қалай үйретеміз?
«Жоқ» деп айта білу, өзіне жайсыз жағдайларды ажырату және жеке шекарасын қорғау – баланың қауіпсіздігі мен өзіне деген сенімділігін қалыптастыратын маңызды дағдылар.
Бірақ баланы үлкендер мен құрдастарына қорықпай, өзін кінәлі сезінбей «жоқ» деп айтуға қалай үйретуге болады? Өз пікірі, сезімі және жеке кеңістігі бар екенін қалай түсіндіреміз?
Осы және басқа да маңызды сұрақтар «Ата-аналар академиясы» жобасы аясында өткен тікелей эфирде талқыланды.

