«Ана қолы» республикалық фотобайқауының қорытындысы шығарылды

2026 жылғы 12 мамырда Аналар күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша «Senim Qogamy» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Ана қолы» республикалық фотобайқауының нәтижелері ресми түрде жарияланды.

Байқау отбасылық құндылықтарды насихаттауға, қоғамдағы ананың рөлін нығайтуға және балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталды.

Байқауға Қазақстанның түрлі өңірлерінен барлығы 46 өтінім келіп түсті. Фотобайқауға Астана қаласынан, Ақмола, Абай, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарынан және Ұлытау облысынан балалар қатысты. Қатысушылар 4 жас санаты бойынша ұсынылды: 4–6 жас, 7–10 жас, 11–14 жас және 15–18 жас.

Қазылар алқасының шешімі бойынша байқау жеңімпаздары мен қосымша жүлдегерлері анықталды.

4–6 жас санаты:
Бағытқан Бағым — Астана, Қайрат Нұрайым — Ақтөбе, Тәжібай Әлім — Қарағанды облысы, Сахташева Алуа — Атырау облысы, Кундер Элиша — Жамбыл облысы.

Қосымша жеңімпаз:
Кабибжанова Амелия — Ақмола облысы

7–10 жас санаты:
Мұхамбединов Әдиет — Ақтөбе облысы, Бақтыбек Каусар — Абай облысы, Хобенко Ярослав — Ақтөбе, Жұмабекова Тасмин — Қарағанды облысы, Омарова Каусар — Ақтөбе.

Қосымша жеңімпаздар:
Дүйсен Таир — Астана, Саруар Абай Бақытұлы — Ұлытау облысы, Темірханова Адия — Ақмола облысы.

11–14 жас санаты:
Нұрлан Манур — Ақтөбе облысы, Безе Арсений — Қарағанды облысы, Серікқызы Самира — Астана, Дүйсен Жайдары — Қарағанды облысы, Жүнісова Аяулым — Ақмола облысы.

15–18 жас санаты:
Баубеков Еділжайық — Ақтөбе

«Біз Қазақстанның түкпір-түкпірінен өте шынайы әрі жүрекке жылы тиетін ондаған жұмыстар алдық. Балалар фотосуреттер арқылы ең маңызды дүниені — анаға деген махаббатты, қамқорлықты, жылулық пен құрметті көрсетті. Отбасылардың байқауға бірге қатысып, өз оқиғаларымен бөлісіп, бір-біріне қолдау көрсеткенін көру біз үшін өте құнды болды. Осындай жобалар отбасылық құндылықтарды сақтауға көмектесіп, әр адамның өміріндегі ананың рөлінің қаншалықты маңызды екенін еске салады», — деп атап өтті «Senim Qogamy» ҚҚ директоры Юлия Смышляева.

Пікір қалдыру