Балалардың қалалық ортадағы қауіпсіздігі: маңызды дағдылар мен әрекет алгоритмдері

«Ата-аналар академиясы» жобасы аясында Zoom платформасында «Қалалық ортадағы балалардың қауіпсіздігі» тақырыбында онлайн-эфир өтті. Кездесу барысында балалар қауіпсіздігі жөніндегі тренер баланың қала жағдайында денсаулығы мен өмірін сақтау үшін қалыптастыру қажет негізгі дағдылар туралы айтып берді. Қатысушылар балаларды көшеде, қоғамдық орындарда және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде дұрыс әрекет етуге қалай үйрету керектігін, сондай-ақ қауіпті жағдайда абдырап қалмауға көмектесетін қарапайым алгоритмдерді білді.

Пікір қалдыру