Гаджеттер мен әлеуметтік желілер: жанжалсыз ережелерді қалай орнатуға болады?

«Ата-аналар академиясы» жобасы аясында қазіргі бала тәрбиесіндегі өзекті тақырыптардың бірі – балалардың цифрлық сауаттылығын қалыптастыруға арналған тікелей эфир өтті.

Кездесу барысында ата-аналар балаларды гаджеттер мен әлеуметтік желілерді қауіпсіз әрі саналы пайдалануға үйрету, экран алдында өткізетін уақытты тиімді шектеу, сондай-ақ тұрақты тыйымдар мен жанжалдарға жол бермей, сенімді қарым-қатынас орнату жолдары туралы ақпарат алды.

Балалардың цифрлық мәдениетін дамытуға, интернеттегі қауіп-қатерлердің алдын алуға және онлайн кеңістікте жауапты мінез-құлық қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

https://youtu.be/SI-ue0Boli8

Пікір қалдыру